Назарбаев пен Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін талқылады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев пен Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін талқылады

07 ақпан, 19:00 856 Астана
Назарбаев пен Жээнбеков алдағы кездесулер кестесін талқылады

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады.

Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары