Назарбаев пен Путин Санкт-Петербургте өтетін кездесу барысын талқылады

16 қараша, 2018, 16:49 2970 Астана
Назарбаев пен Путин Санкт-Петербургте өтетін кездесу барысын талқылады

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ күн тәртібінің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Екі ел көшбасшылары алдағы кездесулер кестесін қарастырып, Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысына әзірлік барысын талқылады", - делінген хабарламада.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар