Назарбаев "Рухани жаңғыруды" іске асырудың мәселелерін Жолдасбековпен талқылады

11 Января, 2019, 15:35 1145
Назарбаев "Рухани жаңғыруды" іске асырудың мәселелерін Жолдасбековпен талқылады |  | BNews.kz

Мырзатай Жолдасбеков ҚР Президентіне бағдарламаны жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті ғалым Мырзатай Жолдасбековпен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Мырзатай Жолдасбеков Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген басты бағыттарды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13868

Похожие новости