Назарбаев Саломе Зурабишвилиді Грузия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

30 қараша, 2018, 19:02 3043 Астана
Назарбаев Саломе Зурабишвилиді Грузия президенті лауазымына сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Саломе Зурабишвилиді Грузия президенті лауазымына сайлануымен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Өткен сайлаудағы жеңісіңіз – ел азаматтарының Сізге деген сенімі мен қолдауының, сондай-ақ Грузияның жаңа жетістіктері мен елдеріңіздің одан әрі өркендеуіне деген үмітін Сізбен байланыстыруының айқын дәлелі. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен түсінушілікке негізделген өзара тиімді ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне кәміл сенемін", – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев Саломе Зурабишвилиге зор денсаулық, амандық, жауапты қызметіне – табыс, ал достас Грузия халқына – бақ-береке тіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар