Назарбаев Шаймиевке көңіл айтты

19 қараша, 2018, 09:52 1184 Астана
Назарбаев Шаймиевке көңіл айтты

Мемлекет басшысы Татарстанның бұрынғы президентінің жұбайының қайтыс болғанына байланысты жеделхат жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Тұңғыш Президенті Минтимер Шаймиевтің зайыбының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Сіздің сенімді тірегіңіз, өмірлік серігіңіз және балаларыңыздың анасы Сәкина Шәкірқызының қайтыс болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Сізге және отбасыңызға орны толмас қайғыға орай барша Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті Сәкина Шәкірқызының жарқын бейнесі татарстандықтардың жүрегінде әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар