Назарбаев Щучинск-Бурабай аймағындағы жаңа туристік нысанның құрылыс жоспарымен танысты

11 шілде, 2018, 18:07 1771 Ақмола облысы
Назарбаев Щучинск-Бурабай аймағындағы жаңа туристік нысанның құрылыс жоспарымен танысты

Мемлекет басшысы "Promenade Burabay" нысанының  жоспарымен танысты.

"Promenade Burabay" кешені жайлы қонақ бөлмелерді, пентхаустарды, коммерциялық орындар мен конгресс орталықты қамтиды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сондай ақ, Елбасы "Визит-Центр" орталығына барды.

Қазақстан Президентіне өңірдің туристік кластерін, атап айтқанда Щучинск-Бурабай курорттық аймағын, "Абылай хан" алаңын, "Ақ бура" курорттық аймағын және басқа да нысандарды одан әрі дамытуға арналған жобалар таныстырылды.

"Визит-Центр" орталығы – тақырыптық музейлер, "5 D" кинотеатры, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында өмір сүретін және өзге елдерден әкелінген жабайы хайуанаттар саябағы бар туристік кешен.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар