Назарбаев ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінің ұжымымен кездесті

28 маусым, 2018, 14:48 4035
Назарбаев ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінің ұжымымен кездесті

Елбасы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қарқынын атап өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында "Силумин-Восток" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті "SV" өнеркәсіптік жабдықтарын шығаратын "Силумин-Восток" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытының жұмысымен танысты. 

Кәсіпорын құрылыс пен инфрақұрылым, машина жасау, энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай химиясы өнеркәсібі салаларында инжинирингтік қызмет көрсету ісіне маманданған.

Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысына құбыр жүргізу кезінде қолданылатын арматураларды, насостық құрал-жабдықтарды, электротехникалық өнім мен блокты-модульдік ғимараттарды дайындау үдерісі таныстырылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын ұжымымен де кездесіп, әңгімелесті.

Елбасы Шығыс Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуеті мен даму қарқынын атап өтті.

"Өңірде өнеркәсіп саласы өркендеп, индустриалды бағдарлама аясында 46 жоба жүзге асырылды. Жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп жатқан кәсіпорындар салынуда. Атап айтқанда, 7500-ге жуық адам жұмысқа орналасты", – деді Мемлекет басшысы.  

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларына табыс тілеп,  өндірістік көрсеткіштердің одан әрі арта беруіне ниеттестік білдірді. 

Бұған дейін Мемелекет басшысының ШҚО-дағы шығынсыз сумен қамтамасыз ету қондырғыларында бекіре тұқымдас балық өсіруге маманданған кәсіпорынға барғаны хабарланған. "OstFish" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2022 жылға қарай жылына 45 тонна бекіре етін өндіріп, 4 тонна қара уылдырық алуды жоспарлап отыр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Шығыс Қазақстан облысы #Нұрсұлтан Назарбаев #жұмыс сапары #кәсіпорындар

Читайте также

Похожие новости