Назарбаев Сирияда ұшақтың құлауына байланысты Путинге көңіл айтты - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Сирияда ұшақтың құлауына байланысты Путинге көңіл айтты

07 наурыз, 12:54 1666 Астана
Назарбаев Сирияда ұшақтың құлауына байланысты Путинге көңіл айтты

Жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан 39 адам – әскерилер мен экипаж мүшелері қаза тапты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын", – делінген жеделхатта.

Ан-26 ұшағының бортында ресейлік әскерилер – 33 жолаушы мен алты экипаж мүшесі болған, олардың барлығы қаза тапты, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.

Алепподан бағыт алған ұшақ Хмеймим аэродромының ұшу-қону жолағына 500 метр қалғанда апатқа ұшырады. РФ Қорғаныс министрлігі ұшақ құлауының болжамды себебі техникалық ақау болуы мүмкін екендігін айтты.

Бас әскери прокуратура текскерісті бастады. РФ Тергеу комитеті ұшу ережелерін бұзу туралы бап бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ұқсас жаңалықтар