Назарбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесті

14 ақпан, 12:08 841 Астана
Назарбаев Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесті

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан Президенті Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановты қабылдады, деп хабарлайды  BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қайрат Әбдірахманов Мемлекет басшысына Сыртқы істер министрлігінің қазіргі қызметі, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған жоспарлары жөнінде мәлімдеді.

Елбасы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі мен Каспий маңы мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық барысындағы ұйымдастырушылық және мазмұндық мәселелерге баса назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмалар тұрғысынан алғанда, сыртқы саясат ведомствосы экономикамыздың басты салаларына шетелдік инвестиция тарту үдерісінде ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Қазақстан Президенті кездесу соңында бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары