Назарбаев Татарстанға жұмыс сапарымен келді - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Татарстанға жұмыс сапарымен келді

15 маусым, 10:02 2766
Назарбаев Татарстанға жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Татарстан Республикасына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Сапар аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Татарстан Республикасының Президенті Рустам Миннихановпен кездеседі, сондай-ақ Қазан федералдық университетіне барады", - делінген баспасөз хабарламасында. 

Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей Федерациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапарымен келгені хабарланған. 

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеу қаласындағы "Лужники" стадионында футболдан 2018 жылғы әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты. 

Ашылу рәсімі аяқталған соң Ресей және Сауд Арабиясы құрама командалары арасында чемпионаттың ақтық кезеңінің бірінші ойыны болды.

2018 жылғы әлем чемпионатының ақтық кезеңі 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтеді. Турнирге 32 ұлттық құрама команда қатысады. Командалар арасындағы ойындар Ресей Федерациясының 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары