Назарбаев Түркияға ресми сапармен барады

12 қыркүйек, 2018, 15:04 2070
Назарбаев Түркияға ресми сапармен барады

Сапар барысында Қазақстан басшысының Түркия президенті Режеп Ердоғанмен, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген.

Қазақстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының президенті Режеп Ердоғанмен, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#Нұрсұлтан Назарбаев #Режеп Ердоған #Түркия #ресми сапар

Читайте также

Похожие новости