Назарбаев түркиялық "Коч Холдинг" компаниясы басшысымен кездесті

13 Сентября, 2018, 14:40 3290
Назарбаев түркиялық "Коч Холдинг" компаниясы басшысымен кездесті |  | BNews.kz

Кездесу барысында тараптар Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев "Коч Холдинг" компаниясы басқармасының төрағасы Али Йылдырым Кочпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

"Коч Холдинг" компаниясы басқармасының төрағасы қорғаныс өнеркәсібіндегі және экономиканың басқа да өндіріс салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға мүдделілік танытты.  

Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасына ресми сапармен баратыны хабарланған.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13929

Похожие новости