Назарбаев жаттықтырушы Псаревтің отбасына көңіл айтты

14 Января, 2019, 18:50 2259
Назарбаев жаттықтырушы Псаревтің отбасына көңіл айтты |  | BNews.kz

Қазақстан Президенті Вадим Псаревтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев грек-рим күресі жаттықтырушысы Вадим Псаревтің отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы грек-рим күресінің әйгілі жаттықтырушысы Вадим Александрович Псаревтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

"Вадим Александрович спорт саласында жарты ғасырдан астам уақыт қызмет еткен кезінде Валерий Резанцев, Жақсылық Үшкемпіров, Анатолий Назаренко және Владимир Бакулин сияқты Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің даңқты шоғырын тәрбиелеп шығарды. 2014 жылы әлемдік грек-рим күресін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін FILA-ның Даңқ залына оның есімі жазылды", – делінген жеделхатта.

Соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Вадим Псаревтің жарқын бейнесі халқымыздың жадында әрдайым сақталатынын атап өтті.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13981

Похожие новости