Назарбаев Хорватиямен қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңға қол қойды

9 Января, 2019, 11:39 1282
Назарбаев Хорватиямен қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңға қол қойды |  | BNews.kz

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Хорватиямен қосарланған салық салуды болдырмау туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Хорватия Республикасының Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы келісімді және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жарнама саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости