Назарбаев: Үкімет мүшелерінің жұмысына оң баға беремін - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев: Үкімет мүшелерінің жұмысына оң баға беремін

09 ақпан, 11:43 2046 Астана
Назарбаев: Үкімет мүшелерінің жұмысына оң баға беремін

Алайда Елбасы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда кемшін тұстар бар екенін атап өтті.

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды BNews.kz

Отырыс барысында еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі шаралар айқындалаып, алдағы жылдың жоспары талқыланады.

"2017 жыл дүниежүзі экономикасында оңай жыл болған жоқ. Үкіметтің жұмысы арқасында біз дұрыс нәтижелерге қол жеткіздік.  Экономика өсімі 4%, ал инфляция 7% - біз үшін бұл жаңа деңгей. Сондықтан мен барлық Үкімет мүшелерінің жұмысына оң баға беремін. Алайда біз жаңа белестерді бағындыруымыз керек, өйткені мемлекеттік бағдарламаларды орындауда кемшін тұстар бар", - деді Мемлекет басшысы.

Кеңейтілген отырыс барысында Премьер-минстр, министрлік пен ведомство басшылары, облыс әкімдері баяндама жасайды .

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары