Несиесіз өмір сүруге тырысыңыздар – Данияр Ақышев

22 ақпан, 2018, 12:21 1038
Несиесіз өмір сүруге тырысыңыздар – Данияр Ақышев

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы зейнеткерлерді бұрынғысынша республиканың әлеуметтік жағынан белсенді азаматтары екенін атап өтті.

Қазақстанның Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев онлайн-конференция барысында ақшаны қалай сақтау керектігін айтып, мүмкіндігінше несие алмау туралы кеңес берді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Ақшаны банкте сақтаңыздар. Бұл қауіпсіз. 10 млн теңгеге дейінгі сома кепілді салымшылар қорымен кепілдендіріледі. Ұлттық банктің лицензиясы жоқ компанияларға сенбеңіздер. Пирамидалар әртүрлі бағдарлама арқылы азаматтардың ақшасын өзіне тартады. Міндеттемелері жоқ жоғары пайыз берушілерге сенудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, танымайтын тұлғаларға да сенбеңіздер. Әрине, мүмкіндік болса, несие алмай-ақ қойғандарыңыз абзал. Несиесіз өмір сүрудің жолдарын қарастырып көріңіздер", - деді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ, Ұлттық банк басшысы зейнеткерлерді әлеуметтік жағынан бұрынғыдай, республиканың белсенді азаматтары екенін атап өтті.

"Біз қаржы тұрғысынан хабары бар тұрғындардың барлық тобын қарастырамыз. Кез келген адам қаржы қызметтерін дұрыс пайдаланудың жолдарын түсінуі керек. Алайда, болашақта бұл ақпартты әртараптандырған дұрыс болар. Зейнеткерлер бұрынғыдай әлеуметтік белсенді азаматтар қатарында", - деп атап өтті Данияр Ақышев.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Данияр Ақышев #Ұлттық банк #несиені кепілдендіру

Читайте также

Похожие новости