Нығматулин Бюро отырысын өткізді

18 қаңтар, 2019, 15:06 2918
Нығматулин Бюро отырысын өткізді

Мәжіліс баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депуттаттық заң жобасын екінші оқылымда қарамақ.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Депутаттар қарауына Мемлекет Басшысы бастамашы болған "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заң жобасы ілеспе түзетулерімен ұсынылмақ.

Сонымен қатар, осы күні Мәжіліс баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депуттаттық заң жобасын екінші оқылымда қарамақ.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы елімізге мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы қарау көзделген. Бұдан басқа, Бюро отырысында 2019 жылдың қыркүйек айында Астана қаласында Еуразия елдері парламенттері төрағаларының төртінші кеңесін дайындау және өткізу туралы мәселелер қаралды. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана

Читайте также

Похожие новости