Нығматулин: Елбасы тапсырмаларын қаржыландыруға алғашқы нақты қадам жасалды

17 қазан, 2018, 12:09 1871 Астана
Нығматулин: Елбасы тапсырмаларын қаржыландыруға алғашқы нақты қадам жасалды

Мәжіліс төрағасы 2018 жылғы республикалық бюджетке түзетулер бойынша өте маңызды заң жобасы мақұлданғанын атап өтті.

Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан Палатаның жалпы отырысында "2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланып, депутаттар тарапынан бірауыздан қолдау тапты, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда, Мәжіліс төрағасы 2018 жылғы республикалық бюджетке түзетулер бойынша өте маңызды заң жобасы мақұлданғанын алға тартты.

"Осы түзетулер – Елбасымыздың төртінші сессияның ашылуында және биылғы Жолдауда берген тапсырмаларды қаржыландыруға алғашқы нақты қадам жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан, енді жыл соңына дейін, Үкіметтің, жергілікті органдардың осы қаржыларды тиімді пайдалануы өте маңызды болып табылады", - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәселен, тек осы жылға "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдау үшін 5,6 млрд, агроөнеркәсіпті дамытуға 19 млрд және халықты қолжетімді әрі сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңге қаржы бөлініп отыр.

Жалпы Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыру және Жолдауда айтылған мақсаттар үшін тек ағымдағы жыл бойынша 84 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Сондай-ақ, жаңа Түркістан облысы мен мемлекеттік маңызды Шымкент қаласын нығайтуға 30 млрд теңге бөлінді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар