Нығматулин: Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды қаржыландыруға нақты қадам жасалды

31 қазан, 2018, 14:45 277 Астана
Нығматулин: Елбасы Жолдауындағы тапсырмаларды қаржыландыруға нақты қадам жасалды

Палата Спикері атап өткендей, Мәжіліс аталған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында "2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапты, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы орайда, Мәжіліс Төрағасы еліміздің негізгі қаржы құжаты - үш жылдық бюджеттің мақұлданғанын алға тартты.

"Ең бастысы - бұл заң жобасында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған барлық тапсырмаларды қаржыландыруға нақты қадам жасалынды. Ендігі басты міндет – ол осы бөлінген әрбір тиынды дұрыс пайдалану керек. Бұл - еліміздің тұрақты дамуына ықпал етіп, әрбір отбасының, әрбір шаңырақтың өмір сапасын күшейтуге жаңа серпін беретін болады",- деді Нұрлан Нығматулин.

Өйткені, бюджетте азаматтардың кірісін көбейтуге, білім, денсаулық саласын жақсартуға, сонымен бірге, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және өңірлік, аймақтық инфрақұрылымдарды дамытуға басқа да маңызды салалар бойынша тиісті қаржы қарастырылған. Палата Спикері атап өткендей, Мәжіліс аталған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарын одан әрі жалғастыратын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар