Нығматулин: Елбасымыздың бастамалары жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар - Жаңалықтар | BNews

Нығматулин: Елбасымыздың бастамалары жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар

05 наурыз, 15:24 1568 Астана
Нығматулин: Елбасымыздың бастамалары жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында, Елбасы Қазақстан халқына жаңа әлеуметтік бастамалар бойынша Үндеу жариялады.

Президент депутаттар мен шақырылған қонақтар алдында бес ауқымды әлеуметтік бастамаларды атап, олардың маңыздылығы мен мәніне тоқталды. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Елбасы ұсынған бастамалар жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадам екенін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бүгінгі бастамалары - елімізге, халқымызға жаңа серпін беретін ерекше әлеуметтік қадамдар. Ол біздің еліміздің әрбір азаматына баспана, салық және білім жағынан жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Сондықтан, Президентіміздің осы тарихи бастамаларын өте жоғары деңгейде, сапалы заңдармен қамтамасыз ету - ол Парламенттің ең негізгі, ең жауапты, ең абыройлы міндеті", - деді Нығматулин.

Ұқсас жаңалықтар