Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

11 қаңтар, 2019, 13:17 998
Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Палатаға құқықтық салаға қатысты Қазақстан мен Иордан сондай-ақ, бірқатар келісіммен ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды.

Бүгін Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің Бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыста қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, Палатаға құқықтық салаға қатысты Қазақстан мен Иордан сондай-ақ, бірқатар келісіммен ратификациялық заң жобаларын қарау ұсынылды. Осылардың қатарында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек, адамдарды ұстап беру, сондай-ақ сотталғандарды беру туралы құжаттар бар.

Аталған келісімнің мақсаттарын іске асыру жөніндегі Қазақстандағы орталық мемлекеттік орган Бас прокуратура болып саналады.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Мәжіліс #Нұрлан Нығматулин #Бас прокуратура

Читайте также

Похожие новости