Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Написать нам
29 қазан, 2018, 16:17 1660 Астана
Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді

Депутаттар "2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заң жобасын талқылайды.

Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Палатаның Бюро отырысында алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда депутаттар "2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы"  Заң жобасын талқылайды. Ол Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауы негізінде және Бюджет кодексіне сәйкес, еліміздің 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сай  әзірленген.

Сонымен қатар, жалпы отырыста депутаттар назарына "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы"  Заң жобасы ұсынылатын болады. 

Жалпы отырыста басқа да заң жобаларын қарау жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар