Нығматулин Павлодар облысына Президент Жолдауын талқылау үшін келді

18 қазан, 2018, 16:22 3105 Павлодар облысы
Нығматулин Павлодар облысына Президент Жолдауын талқылау үшін келді

Жұмыс сапары барысында Палата спикері қазақстандық "Электролиз" зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысты.

18 қазанда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесудің басты мақсаты – Елбасының Жолдауын еңбек ұжымдарымен және тұрғылықты халықпен кездесіп, талқылау.

Палата спикері қазақстандық "Электролиз" зауытында болып, кәсіпорынның жұмысымен танысып, ірі өнеркәсіп нысандарында болды.

Өндірістік қуаттылығы жылына 250 мың тонна өнім өндіретін зауыт алюминий, технологиялық алюминий құймаларын шығарады. Ішкі нарықтан басқа, өнімдер әлемнің 20-дан астам еліне, соның ішінде Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Еуропа елдеріне жөнелтіледі.

Жылдан жылға өндірістік қуаттылығын артып келе жатқан зауыттың ашылуына он жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзі бастамашы болған. Сондықтан да Елбасының барлық бастамалары зауыт ұжымы тарапынан ерекше қолдау табады. Кәсіпорынның қызметкерлері Президенттің бастамаларына белсенді түрде өз үлестерін қосуға дайын.

Палата спикері алдағы уақытта өңдеуші өнеркәсіпті қолдауға ерекше назар аударылатынын, сондай-ақ, жаңа технологияларды дамытуға зор көңіл бөлінгенін айтты.

Мәжіліс төрағасы одан әрі Жолдаудың басым бағыттарына тоқтала келіп, ол бүкіл халықтың, әрбір шаңырақтың, әрбір азаматтың жағдайын жақсартуға арналғанын атап өтті.

Онда ең алдымен әлеуметтік саланың маңызды міндеттері, отбасы, тұрғын үй, шағын бизнес, еңбекақы, жастар, ауылшаруашылығы, құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың жолдары көрсетілді.

Ең бастысы – олардың барлығы орындалатын, нақты және қажетті мақсаттар.

Осындай нақты жоспарға құрылған, халқымыздың, еліміздің игілігін көздейтін, ірі істерге жол ашатын Жолдауды орындауға белсене қатысу – әрбір азаматтың абыройлы міндеті екенін айтқан Нұрлан Нығматулин бұл депутаттық корпустың заң шығару жұмысының да ең негізгі бағыты екенін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар