Нығматулин шетел парламенттерінің вице-спикерлерімен бірқатар кездесу өткізді

26 қараша, 2018, 18:02 1676 Астана
Нығматулин шетел парламенттерінің вице-спикерлерімен бірқатар кездесу өткізді

Тараптар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, өзара ынтымақтастықты арттыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Тұңғыш Президент күніне арналған "Астана - жаһандық интеграция, бейбітшілік және қауіпсіздік орталығы" халықаралық парламенттік конференциясы аясында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин шетелдік парламенттердің вице-спикерлерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысының Мемлекеттік Думасы Төрағасының орынбасары Сергей Неверовпен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылдың болашақ бағыттарын талқылау барысында Палата комиссиясының, арнайы комитеттер мен ынтымақтастық топтардың әлеуетін белсенді пайдаланудың маңыздылығы атап өтілді. Екі елдің стратегиялық әріптестігі туралы әңгіме барысында Петропавл қаласында өткен Қазақстан мен Ресей басшыларының, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің қатысуымен өткен Аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумының қорытындысына ерекше назар аударылды.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Республикасы Милли Меджлисі Төрағасының бірінші орынбасары Зияфет Аскеровпен кездесуінде, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қоюдың маңыздылығын атап өтті. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, Каспий маңындағы мемлекеттер тарихында жаңа кезең басталады. Қазақстан мен Әзірбайжан парламентшілері екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі арттыруға ниет білдірді.

Қазақстан-Түркия парламентаралық ынтымақтастығының перспективалық бағыттары туралы Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Түркі Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары Мустафа Шентоппен кездесті.

Онда Нұрлан Нығматулин бұл жалпыға ортақ түркі мұрасын жаңартуға бағытталған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын    жүзеге асыру жолындағы бірлесе жұмыс атқару мәселесіне баса назар аударды.

Нұрлан Нығматулин Литва Республикасының Сеймі Төрағасының орынбасары Ремигиус Жемайтайтиспен Литва парламентшілерімен парламентаралық диалогты нығайту Мәжілістің маңызды іс-шараларының бірі болып табылатынын айтты. Қазақстан  мен Литва ынтымақтастығын дамытудың үлкен әлеуеті "жаңа экономика" саласы, ең алдымен, сандық және қаржылық технологиялар болып табылады.

Қырғызстан парламентінің вице-спикері Асель Кодурановамен әңгімелесу барысында Мәжіліс Төрағасы қазақстандық және қырғыз парламентшілерінің екі ел арасындағы әріптестіктің маңызды құрамдас бөлігінің өзара байланысына назар аударды.

Мәжіліс Төрағасы конференцияға қатысқаны үшін парламентшілерге алғысын білдіріп, депутаттардың халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу жолындағы күш-жігерін үйлестірудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде тараптар іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтып, өзара ынтымақтастықты арттыруға дайын екендіктерін жеткізді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар