Нөсер салдарынан ОҚО Сарыағаш ауданындағы 20-ға жуық үйдің ауласын су басты

15 мамыр, 2018, 09:56 1598 Оңтүстік Қазақстан облысы
Нөсер салдарынан ОҚО Сарыағаш ауданындағы 20-ға жуық үйдің ауласын су басты

Қазіргі уақытта су тасқынының салдарын жою бойынша белсенді жедел жұмыстар жүргізілуде.

Өте көп мөлшерде жауған нөсер салдарынан Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы 19 үйдің ауласын су басты. Қазіргі уақытта су тасқынының салдарын жою бойынша белсенді жедел жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды BNews.kz ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Қазақстан облысының 40 құтқарушысы мен жергілікті атқарушы органдардың 10 қызметкері, сондай-ақ 14 техника су тартып шығару жұмыстарына жұмылдырылды.

"14 мамырда сағат 18.20-да Сарыағаш ауданы Қызылжар елді мекенінде нөсер жаңбыр салдарынан Келес өзеніндегі су деңгейі көтерілді. Ал сусыз жатқан, өткізу қабілеті  секундына 2 текше метрді құрайтын Ханым каналына жіберілген су облыстық деңгейдегі "Сарыағаш-Дербісек" (ұзындығы 500 м, ені 30 м, тереңдігі 25 см) жолынан асып, 19 жеке үйдің ауласын басып қалды. 40 құтқарушы мен жергілікті атқарушы органдардвң 10 қызметкері, сондай-ақ 14 техника су тартып шығару жұмыстарына жұмылдырылды", - делінген ҚР ІІМ ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жергілікті атқарушы органдар және Сарыағаш аудандық ТЖБ күштерімен канал шлюзін жабу жұмыстары атқарылды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар