Нью-Йоркте 35 жасар қазақстандық студент қайтыс болды - Жаңалықтар | BNews

Нью-Йоркте 35 жасар қазақстандық студент қайтыс болды

28 желтоқсан, 10:14 1856 Астана
Нью-Йоркте 35 жасар қазақстандық студент қайтыс болды

Қазақстандық Асқар Жұмабаев Нью-Йоркте «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратурада оқып жүрген кезде қайтыс болған.

Бұл ақпаратты BNews.kz тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз-қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов растады. 35 жасар Асқар Жұмабаевтың жүрегі тоқтап қалған. Ол Нью-Йорк университетінде оқыған.

«Ол Нью-Йорке қайтыс болды. Дәрігерлердің берген сараптама нәтижесі бойынша оның жүрегі тоқтап қалған. Бүгін оның денесі Нью-Йорктегі бас консулдықтың көмегімен Қазақстанға жеткізілді», - деді Әнуар Жайнақов.

Еске сала кетейік, кеше де бір қазақстандық азаматтың шетелде қаза тапқанын хабарлағанбыз. ҚР Президенті Әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусиннің ұлы – Асылбектің Латвияда 23-нен 24-не қараған түні қайтыс болған. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігі растады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар