Нью-Йоркте Қазақстанның мәдениет және әдебиет халықаралық форумы өтуде

05 желтоқсан, 2018, 10:09 1719
Нью-Йоркте Қазақстанның мәдениет және әдебиет халықаралық форумы өтуде

Форумның тақырыбы  "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" деп аталады.

4-7 желтоқсанда Астананың 20 жылдық мерейтойы аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен және Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы "Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет" атты Қазақстанның мәдениет және әдебиетінің Халықаралық форумын өткізеді, деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 

Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке интеграциялануы болып табылады. Форум әлемдік қауымдастыққа қазақстандық шығармалармен танысуға және қазақ авторларының әлемдік жаһандық әдеби үрдіске бірігуіне мүмкіндік береді.

АҚШ-та өтетін форумға ақын-жазушылар, аудармашылар мен журналистер қатысады. Форум аясында Қазақстандық кітаптардың тұсаукесері және "Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті" фотокөрмесі өтеді. Аталмыш форум бұған дейін Сеул, Лондон және Берлин қалаларында өткізілген болатын. Іс-шаралар аясында қазақстандық әдебиет, мәдени алмасу мен ынтымақтастық саласындағы соңғы үрдістерді түсіну, мәдениет пен өнер саласындағы мамандардың ұлттық идеясы шеңберіндегі күш-жігерін біріктіру үшін көптеген жұмыстар атқарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар