Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды - Жаңалықтар | BNews

Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды

07 тамыз, 17:03 1610 Астана
Нұрлан Ермекбаев қорғаныс министрі болып тағайындалды

Бұған дейін ол ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарған.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Сәйкесінше жарлыққа Қазақстан Президенті қол қойды. Нұрлан Ермекбаев 2016 жылдан бері Қорғаныс министрлігін басқарып келген Сәкен Жасұзақовты алмастырды.

Нұрлан Ермекбаев 2018 жылдың көктемінде Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалған.

Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлы 1963 жылы 1 қаңтарда Шымкент қаласында туған. 

КСРО Қорғаныс министрлігінің Қызыл Тулы Әскери институтының шығыстілдері факультетін (Мәскеу, 1986) "Қытай және ағылшын тілдері" мамандығы бойынша үздік; Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының экономика факультетін (1996) инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Саяси ғылымдарының кандидаты. 

"Қазақстан және әлем елдері" кітабының (2006), ондаған мақаланың тең авторы.

Нұрлан Ермекбаев ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі (2016 жыл мен 2018 жылдың сәуір айы аралығында); Қытайдағы Қазақстан Республикасының елшісі (2012-2014 жылдары) және тағы басқа қызметтерді атқарған.

Қазақ, орыс, қытай, ағылшын және португал тілдерін біледі. "Парасат" (2015 жыл) және "Құрмет" (2005 жыл) ордендерімен, сондай-ақ басқа да медальдармен марапатталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары