Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" шоуын жүргізуді жалғастырудан бас тартты - Жаңалықтар | BNews

Нұрлан Қоянбаев "Түнгі студия" шоуын жүргізуді жалғастырудан бас тартты

22 ақпан, 17:46 1568
Нұрлан Қоянбаев

Ол шығармашылықпен айналысуды көздеп отыр.

Қазақстандық шоумен, режиссер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев "Түңгі студия" кешкі әзіл-сықақ бағдарламасын жүргізуді тоқтатып, QAZAQSTAN телеарнасынан кетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Оның қызметтен кеткені туралы QAZAQSTAN телеарнасының баспасөз қызметі растады.

"Төраға айтқандай ("Қазақстан" РТРК" АҚ басшысы Ерлан Қарин - авт.) Нұрлан Қоянбаев "Қазақстан" РТРК бас продюсері қызметінен осы жылдың қаңтар айында кеткен болатын", - деп хабарлайды "Қазақстан" РТРК" баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, "Қазақстан" РТРК" АҚ-ның баспасөз қызметінде 1 наурыздан бастап жаңартылған "Түңгі студия" шоуы жаңа жүргізушімен эфирге шығатынын мәлімдеді. 

"Нұрлан Қоянбаев бағдарламадан кетуге шешім қабылдады. Ол өзінің ісімен, шығармашылықпен айналысуды көздеп отыр", - деп хабарлады телекомпанияның баспасөз қызметінде.

Айта кетсек, Н.Қоянбаев 2017 жылдың ақпан айында "Қазақстан" РТРК бас продюсері болып келген еді.

Аталған бағдарлама бұрынғыдай аптасына төрт рет 30 минуттан көрсетілетін болады. Шоуда нақты не өзгеретіні және жаңа жүргізуші кім болатыны 26 ақпанда QAZAQSTAN телеарнасының жаңа телевизиалық маусымының таныстырылымында белгілі болады.

"Түнгі студия" – бұл саясат, спорт және шоу-бистестегі танымал тұлғалар шақырылатын кешкі әзіл-сықақ бағдарламасы. 2016 жылы қараша айында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телебағдарламаның қонағы болған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары