Нұрлан Нығматулин: Жаңа әліпбидің мәселесінде ешқандай қателік болмауы тиіс - Жаңалықтар | BNews

Нұрлан Нығматулин: Жаңа әліпбидің мәселесінде ешқандай қателік болмауы тиіс

11 қыркүйек, 12:21 371 Астана
Нұрлан Нығматулин: Жаңа әліпбидің мәселесінде ешқандай қателік болмауы тиіс

Жаңа әліпбидің мәселесінде ешқандай қателік болмауы тиіс. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта өтіп жатқан парламенттік тыңдау кезінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды Вnews.kz.

Мәжіліс төрағасы латын әліпбиіне көшу қазіргі заманның талабы екенін атап өтті.

«Еліміздің әрбір азаматы латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениет жетістігінің басты жолы екенін білуі тиіс. Өйткені латын жазуы – адамзат дамуындағы күшті тілдердің бірі. Бұл ғылым мен техниканың, Интернет пен IT – XXI ғасырдағы технологиялардың тілі, сондықтан біз бұл жауапты кезеңге үлкен дайындықпен келдік, ауқымды жұмыс атқарылды», - деп атап өтті ол.

Нұрлан Нығматулин қазақ тілінің жаңа әліпбиі бірнеше жылдың ішінде әзірленгенін айтты. Оның сөзіне қарағанда, жаңа әліпби барлық талаптарға жауап береді.

«Біз жаңа технологияны, ғылым мен білімді еркін игереміз. Бүгін біз әліпбиді талықылап, әрбір әріпке, әрбір белгіге талдау жасауымыз қажет, өйткені тіл мәселесінде, жаңа әліпбидің мәселесінде ешқандай қателік болмауы тиіс», - деді төраға.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте қазақ графикасының латын әліпбиіне көшуі жөнінде Парламенттік тыңдау өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары