"Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі – Жеңіс Қасымбек

24 Апреля, 2018, 15:54 1995
"Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі – Жеңіс Қасымбек |  | BNews.kz

Мемлекеттік бағдарламаға қосымша өзгерістер "7-20-25" бағдарламасын қолдау мақсатында енгізілмек.

"7-20-25" бағдарламасын қолдау мақсатында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізіледі, алайда түбегейлі өзгерістер болмайды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысынан кейін мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"7-20-25" бағдарламасына қосымша инфрақұрылым қажеттігіне байланысты "Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізіліп жатыр. Сондықтан да осының аясында коммуникация, жол, газ, жарық, су және тағы басқа инфрақұрылым түрлерін жүргізуге байланысты қосымша жұмыстарды атқару жоспарланып отыр", - деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар және даму министрі.

Ведомство басшысы бағдарламаға қосымша өзгерістер енгізілгенімен, одан ештеңе алынып тасталмайтынын нақты айтты. Жеке тұрғын-үй құрылысын, жалға немесе несиеге берілетін тұрғын үйлерді қолдауға бағытталған барлық құрал сақталады. Сондай-ақ, құрылыс салушыларға субсидия бөлу арқылы қолдау көрсету де жалғасатын болады.

"Ипотека бойынша біз субсидияландыру деңгейін төмендету мәселесін қарастырып жатырмыз. Бұрынғы 10% қалады, біз 7%-ын субсидияландырамыз, ол "7-20-25" бағдарламасымен қатар жүргізілетін болады. Тек егер де жаңа бағдарламаны қолдау мақсатында болмаса, қандай да бір түбегейлі өзгерістер болмайды", - деп сендірді Жеңіс Қасымбек.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13856

Похожие новости