Нұрлы жер: коттедждерге кім үміттене алады? - Жаңалықтар | BNews

Нұрлы жер: коттедждерге кім үміттене алады?

13 қыркүйек, 16:39 503 Астана
Нұрлы жер: коттедждерге кім үміттене алады?

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жеке меншік үйлер салынуда, деп хабарлайды Вnews.kz.  

Жеке тұрғын үй құрылысын дамыту (ЖТҚ) – «Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық бағыты. Ол тектен тек таңдалған жоқ: Қазақстанда пайдалануға берілетін үйлердің жартысы жекеменшік тқрғын үй құрылысы санатына жатады. Бірақ көп жағдайларда бұл құрылыстардың барлығы шашыраңқы және ретсіз орналастырылған. Сондықтан, әлемдегі жетекші қалалардың үлгілері бойынша бірыңғай сәулеттік стильде жеке меншік үйлер салу шешімі қабылданды. Нәтижесінде жинақы коттедж қалашықтары барлық облыстардың елді мекендерінде пайда болуы тиіс. Көптеген өңірлерде жергілікті атқарушы органдар құрылыс салынатын орындарды болжаммен белгілеп қойған. Олар облыс орталықтарына жақын орналастырылған аумақтар немесе жоғары даму әлеуеттері бар кіші қалалар.

«Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде коттедждерге кім үміттене алады?

Жергілікті атқарушы органдарда жеке меншік тұрғын үй құрылысына жер учаскесін салуға кезекте тұрғандар. Мемлекеттен жерді үміткер кезегі келгенде тегін алады, ал салынған үй үшін оған ақы төлеуге тура келеді. Мұны өз қаражаты есебінен немесе Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдік қарызын алып жасауға болады. Бұл үшін ҚТҚЖБ-да шот ашу керек және онда тұрғын үй құнынан кемінде 30%-ы болуы қажет. Бұл жағдайда жылдық 5%-бен қолжетімді кредитке ниеттенуге болады.

Үй қанша тұрады? 

«Нұрлы жер» бағдарламасының шарттары бойынша бір шаршы метр тұрғын үй құрылысының құны 120 мың теңгеден (ИКИ құнын есептемегенде) аспауы керек. Қолжетімді бағаны үй салу комбинаттарын тарту және қазақстандық құрылыс материалдарын пайдалану есебінен қамтамасыз етеді.

Құрылыс бойынша барлық шығыстарды құрылыс салушы өзіне алады, ол тек алаңы мен қабаты бойынша ғана ерекшеленетін бірыңғай сәулеттік стильдегі мықты үйлердің белгілі бір санын салады.

Мысалы, 83 шаршы метр алаңындағы үй 10 млн. теңгені құрады. Басында бағдарламаға қатысушы-кезекте тұрушы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы осы тұрғын үйді сатып алуды шешкен. Бұл жағдайда ол ҚТҚЖБ-да шотқа ақша жинауы керек немесе осы соманың 30 %-ын, яғни 3 млн. теңгені бір уақытта енгізуі қажет. Бұл алғашқы жарна болып табылады. Қалған соманы өтеу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 13 жылға жеңілдік қарызын береді. Оның ішінде: алғашқы тұрғын үй қарызын (жылдық 5%) 66 000 теңгеден 5 жыл төлеу керек. Тұрғын үй қарызы (жылдық 4,5%) – 8 жыл. Ол бойынша ай сайынғы төлем 62 000 теңгені құрайды. Кредитті мүмкіндік туған жағдайда кез келген уақытта толық өтеуге болады — мұнда ешқандай шектеу жоқ.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыс әкімдіктерімен қалай өзара іс-қимыл жасауда?

Өңірдегі пилоттық жобаны іске асыру туралы жергілікті атқарушы орган (облыстық әкімдік) жариялайды. Ол жерге кезекке тұрушылар тізімін құрайды. Содан кейін оларға төлемге қабілеттілігін бағалаудан өту үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне жолдама береді. Егер үміткерлер өз кірістерін растаса, әкімдік кезекке тұрушылардың түпкілікті тізімін жасайды және сатып алу-сату шарттарын ресімдеуді бастайды. Осыдан кейін құқық белгілеуші құжаттар қарыз ресімдеу үшін ҚТҚЖБ-ге тапсырылады. Банк учаскесі бар жеке меншік үйді кепілге қойып кредит береді.

350  коттедж «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде жыл соңына дейін тапсырылады. Алғашқы болып Қостанай және Ақтөбе облыстарының тұрғындары қоныс тойын тойлайды. Ол жерлерде объектілердің құрылысы толық жүріп жатыр және олар қыркүйек айының соңында толық аяқталады. 2017 жылы пайдалануға шамамен барлығы 350 үйді тапсыру жоспарланып отыр.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары