"Нұрлы жер" аясында 77 мың отбасы баспаналы болды – Қасымбек

Написать нам
06 қараша, 2018, 15:45 2363 Астана

Биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 148,6 млд теңге бөлінген.

Үкімет отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 77 мыңға жуық отбасы баспаналы болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Жеңіс Қасымбек Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқаны туралы есеп берді.

"Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы арқылы 8 млн 800 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол 2017 жылды сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ке жоғары. 77 мыңнан астам отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартты. Оның ішінде 9,5 мыңға жуық отбасы мемлекет қаржысы есебінен салынған баспанаға қол жеткізді. Тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ке артып, 818 млрд 900 млн теңгені құрады", - деді министр.

Сонымен ол биыл аталған бағдарлама аясында 12,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беру жоспарда бар екенін атап өтті.

"Оның ішінде 1 млн 300 мың шаршы метр немесе 22 мың пәтер мемлекеттік инвестиция есебінен тапсырылады", - деді Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ ол 9 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалану көлемі жағынан Астана, Алматы қалалары және Маңғыстау облысы алда келе жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 148,6 млд теңге бөлінген.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар