- BNEWS >
- Жаңалықтар >
- "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысатын құрылыс салушылар заңды тұлғалар бірлестігін құрмақ
"Нұрлы жер" бағдарламасына қатысатын құрылыс салушылар заңды тұлғалар бірлестігін құрмақ
Жаңа құрылым қатысушы тараптардың мүдделерін білдіретін болады.
Бүгін "Бәйтерек" холдингінде құрылыс салушылармен кездесу өтіп, қатысушылар мемлекеттік сатып алу, құрылыс саласын цифрландыру және мемлекеттік қолдау шаралары туралы заңнамадағы өзгерістерді талқылады. "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға қатысатын өңірлік құрылыс компанияларының мәселелерін кешенді шешу үшін қатысушылар заңды тұлғалар бірлестігін құруға уағдаласты, деп хабарлайды BNews.kz.
"Өңірлік құрылыс салушылардың мемлекеттік органдармен және квазимемлекеттік сектор субъектілерімен өзара әрекеттестігі нашар дамыған. Құрылыс салушылар заңнама нормаларын қарастырғанда, соның ішінде тексеруші органдармен жұмыс істеу барысында түсінбеушіліктер орын алып жатады. Ұсыныстар мен проблемалық мәселелерді ортаға салатын бірыңғай орталық жоқ. Сондықтан құрылыс компанияларының өкілдері коммерциялық емес ұйым - заңды тұлғалар бірлестігін құру туралы ұсыныс енгізді", - деді отырыс барысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.
Жаңа құрылым қатысушы тараптардың мүдделерін білдіретін болады, инновациялар туралы хабардар етеді және мемлекеттік органдарға мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізбек.
"Бәйтерек" холдингі еншілес компаниялар арқылы "Нұрлы жер" бағдарламасының операторы болып табылады. "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ басқарушы директоры - басқарма мүшесі Нұржан Нұрланов атап өткендей, Холдинг құрылыс саласын дамыту бойынша көп жұмыс атқаруда.
Бүгінгі күні тұрғын үй жинақ жүйесінде 540 млрд. теңгеден астам сомаға шамамен 1,1 миллион келісімшарт бар. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің "Өз үйім" бағдарламасы тиімді іске асырылуда, ол бағдарлама халыққа тұрғын үйді белгіленген бағамен ұсынады. "Бәйтерек девелопмент" АҚ өз бағдарламалары аясында екінші деңгейлі банктерге қаражатты шартты орналастыру арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландырады. "Даму" қоры жекеменшік құрылыс салушыларға несиелердің құнын төмендету үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялайды. Бұдан басқа, жеке құрылыс салушылар үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алу үшін Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына өтініш жасай алады.
2017 жылдан бастап "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында жергілікті атқарушы органдардың облигацияларын сатып алу арқылы қаржыландыру жүзеге асырылуда. Әкімшіліктерге жобаларды іріктеу, құрылыс компанияларын тарту, нысандардың құрылысын тексеру бойынша барлық функциялар берілді.
"Бұл механизм екі жылда бір рет "револьверлік" принцип бойынша қаражаттарды аударуға және қосымша қаражатсыз жаңа құрылысқа арналған тұрғын үйді сатудан түсетін қаржыны қайта орналастыруға мүмкіндік береді", - деді Нұрланов.
Кездесу қорытындысы бойынша Құрылыс істері комитетінің, "Бәйтерек" холдингінің және құрылыс салушы компаниялар өкілдері "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасына, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі.
Ұқсас жаңалықтар
-
Таразда қатты жел бес қабатты үйдің шатырын жұлып кетті
-
ОҚО-да "Нұрлы жер" аясында "Тұлпар" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
-
"Нұрлы жер" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі – Жеңіс Қасымбек
-
Елордалық "Нұрсая" тұрғын үйін полицейлер қоршауға алды
-
Астанада тұрғын үйлерді басқарудың онлайн жүйесі әзірленуде
-
Оралда тұрғын үй құрылысы 53 пайызға артады
-
ОҚО-ғы Ордабасы ауданында "Нұрлы жер" аясында 480 пәтер беріледі
-
Қазақстандықтар арасында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны артты
Ұсынамыз
-
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел екпіні күшейеді
Кеше, 09:25
723
-
Мұнай-газ секторы мамандары әр аймақта оқытылатын болады
Кеше, 09:53
691
-
Елордада сыртқы жарнамадағы 1,5 мыңнан астам қате түзетілді
Кеше, 10:36
690
-
Назарбаев пен Саркисян Армениядағы жағдайды талқылады
Кеше, 10:09
687
-
Футбол аңызы Марадона қазақстандық аяғы жоқ баламен кездесті
Кеше, 11:19
683
-
Сапарбаев Ақтөбеде балалар күні мерекесінде Димаштың концерті өтетінін айтты
20 сәуір, 17:12
3073
-
Алматыда жолдан өтпек болған қызды қағып өлтірген жүргізуші тұтқындалды
20 сәуір, 18:16
3066
-
Сот шешімі адамға түсінікті тілде жазылуы тиіс – Жақып Асанов
20 сәуір, 12:39
3063
-
Елорда емханалары сәуір айына дәрімен толық қамтамасыз етілді
20 сәуір, 11:11
3058
-
МӘМС медициналық бизнестің дамуына жағдай жасайды
20 сәуір, 12:04
3052
-
Сағынтаевқа Атырау облысындағы студенттік жатақханалар құрылысының жобалары таныстырылды
13 сәуір, 16:10
3707
-
Астанада Ұлттық музейде "Рухани жаңғыру" көрмесінің ашылуы өтті
13 сәуір, 18:26
3636
-
Назарбаев Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
12 сәуір, 18:09
3629
-
Алматыда биылғы жылы бірқатар ірі өндіріс нысандары салынады
13 сәуір, 17:35
3622
-
Жастарымыз жоғары ғылыми стандарттарға сәйкес білім алуы тиіс – Назарбаев
12 сәуір, 18:57
3622