«Нұрлы жол» вокзалы екі миллиондай жолаушыға қызмет көрсетті - Жаңалықтар | BNews

«Нұрлы жол» вокзалы екі миллиондай жолаушыға қызмет көрсетті

13 қыркүйек, 11:54 562 Астана
«Нұрлы жол» вокзалы екі миллиондай жолаушыға қызмет көрсетті

«Нұрлы жол» вокзалы кешені іске қосылғалы бері екі миллионға жақын жолаушыларға қызмет көрсетті, деп хабарлайды Вnews.kz.  

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің өткізу әлеуеті тәулігіне 35 мың адамды құрайды. Негізгі ауырлық жаз айларына түседі. Биылғы жылы жазда Алматы-2 – Астана-Нұрлы жол, Үрімжі – Астана-Нұрлы жол, Защита – Астана-Нұрлы жол, Алтынкөл – Астана-Нұрлы жол, Қызылорда – Астана-Нұрлы жол, Ақтөбе – Астана-Нұрлы жол» бағдарларына жолаушылар өте көп болды»,-дейді «Нұрлы жол» вокзал кешенінің директоры Д.Құсайынов.

Д.Құсайыновтың айтуынша, жолаушылардың Астанаға ағылуы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына байланысты болды. Үш ай бойына қала қонақтары, қазақстандық және шетелдік туристер топ тобымен келді. Олардың қатарында 7,5 мыңнан астам балалар болды.

«Нұрлы жол» вокзал кешені бағдарының аясын ұлғайту мақсатында биылғы жылы Самаркан – Астана-Нұрлы жол, Душанбе – Астана-Нұрлы жол және Үрімжі – Астана-Нұрлы жол халықаралық бағдарлары ашылды.

Қазіргі таңда «Нұрлы жол» вокзал кешені арқылы 54 пойызды қабылдап, жөнелтеді. Вокзал қызметкерлері қала қонақтары мен шетелдік туристерге, жолаушыларға қалтқысыз қызмет көрсету сапасын өсіре түсуде. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары