"Нұрлы жол" вокзалына апаратын жерасты жолдары айтарлықтай ыңғайлы – әкімдік - Жаңалықтар | BNews

"Нұрлы жол" вокзалына апаратын жерасты жолдары айтарлықтай ыңғайлы – әкімдік

12 наурыз, 2018, 20:34 1479 Астана

Теміржол вокзалына келген жолаушылар мен автобус күтушілердің аялдамаға дейінгі жол айтарлықтай қысқарды.

Астана әкімі Әсет Исекешев бірнеше кездесу өткізгеннен кейін, қаладағы нысандардың қолайлы инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселесі бойынша аралауға шықты, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жолы әкім жақында ғана су құбыры жарылған  Момышұлы – Абылай хан даңғылын барып көрді. Қар жауғандықтан жердің беті 2,5 метрге дейін тоңып қалған. Апатқа топырақтың кемірілуі себеп болған. Су құбырының жарылған жеріне 100-ге жуық арнайы техника келіп, екі сағаттай суды шығарумен айналысты. 

Ал жаңа "Нұрлы жол" теміржол вокзалының инфрақұрылымы туралы астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошун баяндады.

Оның айтуынша, жолаушыларды отырғызу және түсіруде қолайлы жағдай жасау үшін теміржол вокзалына жақын жүретін автобустардың келу-кету бағыты өзгертіліпті. Қазіргі таңда "Нұрлы жол" вокзалы аймағында 11 бағдар бар. Бұл жұмыстарды "Қазақстан Темір жолы" АҚ бірлесіп орындаған.

Теміржол вокзалына келген жолаушылар мен автобус күтушілердің аялдамаға дейінгі жол айтарлықтай қысқарды. Оған қоса, елорданың тұрғындары мен қонақтары үшін эскалатордың санын көбейтіп, жолаушылар мен жүк тасымалдайтын лифтілерді пайдалануға іске қосты.

Яғни, қолданыстағы 52 эскалаторға 12 эскалатор қосылды, бұл адамдардың бірінші қабаттан бірден үшінші қабатқа шығып, түсуіне мүмкіндік береді. Жаңа теміржол вокзалының ғимаратында қазір 26 лифт жұмыс істеп тұр, оның алтауы жолаушылар, төртеуі сыйымдылығы үлкен жүктерге арналған.

Бұдан кейін әкім вокзал маңындағы халықаралық әуежайдың алаңына да барып қайтты. Себебі, қала тұрғындары мұның алдын бірнеше рет астана әуежайына барар жолдың қолайсыз екенін айтып шағымданған болатын. Әкімнің сапар барысы кезінде әуежай басшылығына жолаушылар транспорты басқармасымен бірлесіп, уақытша аялдайтын автокөліктер үшін әуежай автотұрағынан арнайы жолағы бар алаң бөлуді тапсырды. Аталмыш жоба жолаушылардың жайлылығы мен қолайлы болуына бағытталды және ол таяу арада жүзеге асырылмақ. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар