«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды - Жаңалықтар | BNews

«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды

06 қазан, 2017, 14:22 591 Астана
«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды

«Нұрлы жол» вокзал кешенінде Қазақстанда тұңғыш рет қаланың ақпараттық картасында  2ҚАЖ  (қалалық ақпараттық желі) қызметі кезең-кезеңімен көрсететін көлік бекеті ретінде тұңғыш жоба жүзеге асырылуда.

    Енді жолаушылар вокзалда смартфондар мен планшеттердің көмегімен 2ҚАЖ жүйесіндегі кестені көріп, таныса алады. Қызметті тұтынушы жолаушылар вокзалдың алты қабатының қызмет көрсету қабаттарының: билет кассалары, медициналық қызмет, ана мен бала бөлмесі, банкоматтарды көре алады.  Оның сыртында картада қоғамдық тамақтандыру, дүкендер, такси қызметі, терминал, қонақүй, дәріхана қызметтері туралы ақпараттар көрсетілген. Және оларға қонақтардың берген бағасы мен арыз шағымдары да, ізгі тілектері де көрінеді. Жолаушыларға қолайлы болу үшін оның барлығы белгішелермен нақтыланған.

 «Тұтынушыларға барынша қолайлы болуы үшін 2ҚАЖ ұялы телефон қосымшасында барлық қабаттардағы қызмет көрсету мекемелері көрсетілген.  Өйткені, «Нұрлы жол» вокзалы Республикамыздағы ең аумағы үлкен көлік бекеті саналады. Бұл қызмет көрсету түрі Астанаға тұңғыш рет келген қонақтарға барынша тиімді болып отыр»,- дейді вокзал директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов.

«Астана 2ҚАЖ» компаниясы директорының орынбасары Айнұр Нұрғалиеваның айтуынша, жаңа вокзалдың барлық қабатындағы қызмет түрлері жедел байланыс қызметінің Android, iOS, Windows және 2ҚАЖ онлайн-версиямен танысуға болады.

 Бір қызығы, барлық ақпараттар Интернет желісінсіз атқарылады.

«Нұрлы жол» вокзал кешенінің барлық қабатының көрінісі «Астана 2ҚАЖ» компаниясымен бірлесіп жасалған. 

«Қабаттардағы қызмет – барлық қабатқа бөлініп, ондағы сауда орындарының тез көрінетіндігімен ерекшеленеді. Сол арқылы жолаушы өзіне қажетті орынды тез таба алады», - дейді А. Нұрғалиева.

Н. Аманжоловтың айтуынша, вокзалдың ішкі көрінісін бағдарламалық көрсету көлік бекетіне келіп тоқтаған қала қонақтары мен барлық жолаушыларға жедел қызмет түрін жақсарта түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!