"Нұр-Мүбәрәк" университетіне құжат қабылдау басталды - Жаңалықтар | BNews

"Нұр-Мүбәрәк" университетіне құжат қабылдау басталды

05 маусым, 2018, 11:55 1837 Алматы

Шығармашылық емтихандары шілденің 8-і мен 13-не дейін, кешенді тестілеу шілденің 14-і мен 18-не дейін өткізіледі

"Нұр-Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті Университеті бакалавриат дәрежесі бойынша "Исламтану", "Дінтану", "Шетел тiлi: екi шет тiлi" (араб-ағылшын және ағылшын-араб тiлдерi)   мамандықтары бойынша оқуға түсуге құжаттар қабылдайды, деп хабарлады ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қөзметі.

Орта мектепті бұрын бітірген түлектер үшін, сондай-ақ, өзге де орта арнаулы, жоғары білім ордаларының түлектері үшін 1 маусымнан 20 маусымға дейін құжаттар қабылданады.

Шығармашылық емтихандары шілденің 8-і мен 13-не дейін, кешенді тестілеу шілденің 14-і мен 18-не дейін өткізіледі. Осы жылғы орта білім беру мекемелерінің түлектері оқуға ҰБТ-ның қорытындысы бойынша қабылданады. Колледж- медресе түлектері үшін оқуға түсу емтихандары екі бөлімнен тұрады. Олар:  Қазақстан тарихы пәнінен емхихан тапсыру және ислам негіздері бойынша ауызша емтихан тапсыру.

Қажетті құжаттардың тізіміне өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы, Аттестаттың түпнұсқасы немесе диплом, фотосурет 3x4 (8 дана), 086-У және 063 нысанындағы медициналық анықтамалар кіреді. "Исламтану" мамандығына түсу үшін наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерден және бұрын сотталмағандығы туралы анықтамалар ұсынуы қажет.

Магистратура мен докторантураға арналған құжаттар 3-31 шілде аралығында қабылданады.

Айта кетейік, "Нұр-Мүбарак" Египет Ислам мәдениеті университеті - жоғары білікті исламтанушыларды, дінтанушы ғалымдарды, араб-ағылшын тілі филологтарын дайындайтын Қазақстандағы жалғыз университет болып табылады. Университет 2001 жылы Қазақстан Республикасы мен Египет Араб Республикасы Үкіметінің арасында бекіген келісімнің негізінде құрылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар