Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде жаңа мұз сарайын аралап көрді

15 қазан, 2018, 20:15 2175 Ақтөбе облысы
Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде жаңа мұз сарайын аралап көрді

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

Елбасы мемлекет-жекеменшік серіктестік аясында Словакия инвесторларының қатысуымен салынған қаладағы жаңа Мұз сарайына барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жас хоккейшілерді және барша ақтөбеліктерді Мұз сарайының ашылуымен құттықтап, шайбаға естелік қолтаңба қалдырды.

Айта кетейік, жалпы аумағы 8 500 шаршы метр болатын спорт кешені жыл бойы хоккейден, шорт-тректен, мәнерлеп сырғанаудан, баскетболдан, шағын футболдан, бокстан, үлкен теннистен, гимнастикадан кәсіби жарыстар өткізуге, сондай-ақ конькимен жаппай сырғанауға мүмкіндік береді. Арена 2 500-ден астам көрерменге арналған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар