Нұрсұлтан Назарбаев "Архив - 2025" бағдарламасын жасауды ұсынды

21 қараша, 2018, 11:51 1866 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев

Бұл туралы Мемлекет басшысы "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында жазды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта бола отырып, "Архив - 2025" жеті жылдық бағдарламасын жасауды ұсынды, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысы бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара жүйелі әрі ұзақ мерзімді ықпалдастықта болып, іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне баса мән беру керектігін айтты.

"Қай жағынан болсын, бұл маңызды жұмыс мемлекет есебінен атқарылатын "академиялық туризмге" айналмауға тиіс. Архив деректерін тек жинақтап қана қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет", - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзінше, өз тарихына деген мақтаныш сезімін ұялатып, отаншылдық тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталуға тиіс.

"Сондықтан, мектептер мен барлық өңірлердегі өлкетану музейлерінің жанынан тарихи-археологиялық қозғалыстар құру маңызды. Ұлт тарихын санаға сіңіру барша қазақстандықтардың бойында өз бастауларына деген ортақтық сезімін қалыптастырады", - деді Елбасы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар