Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзаймен кездесті

13 қараша, 2018, 18:41 1713 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстанның экс-президенті Хамид Карзаймен кездесті

Тараптар өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында бүгінгі жиында көтерілген бастамаларға орай өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ауған еліндегі қақтығыстарда тараптардың мәмілеге келу проблемасына баса мән берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар