Нұрсұлтан Назарбаев "Азия-Еуропа" форумын қатысу үшін Бельгияға барды

Написать нам
18 қазан, 2018, 09:46 3329
Нұрсұлтан Назарбаев

Сапар барысында Қазақстан Президенті Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездеседі.

Мемлекет басшысы "Азия-Еуропа" (АСЕМ) форумының XII саммитіне қатысу үшін Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласына келді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары деңгейдегі бірқатар екі жақты келіссөздер өткізіп, Еуропаның іскер топтар өкілдерімен кездеседі", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Мемлекет басшысының биылғы 18-19 қазанда Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласында өтетін "Азия-Еуропа" форумының (АСЕМ) 12-ші саммитіне қатысатыны хабарланған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар