Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

21 қараша, 2018, 19:32 1643 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдемелер болып табылатын есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын, атыс қаруын, оның негізгі бөліктерін, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарғыш құрылғыларды беру тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қызыл Крест Комитетінің арасындағы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Қызыл Крест Комитеті Өкілдігінің мәртебесі, артықшылықтары және иммунитеттері туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Туймазы – Омбы – Новосибирск-2" және "Омбы – Павлодар" магистральдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар