Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Бельгия Королімен кездесті

18 қазан, 2018, 14:59 3073
Нұрсұлтан Назарбаев Брюссельде Бельгия Королімен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Королі Филиппен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Бельгияның саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады", - делінген хабарламада.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Бельгияны әуелден өзара түсіністік пен құрметке негізделген достық қарым-қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы "Азия-Еуропа" (АСЕМ) форумының XII саммитіне қатысу үшін Бельгия Корольдігінің Брюссель қаласына келді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар