Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды

14 желтоқсан, 2018, 09:58 2521 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев

Наградалар азаматтардың елімізді дамытудағы үздік жетістіктері мен белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Азаматтарға мемлекеттік наградалар Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері, белсенді қоғамдық қызметі үшін беріледі.

"Ақтөбе қаласы сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы" ҚБ төрайымы Бәйменова Құралай Базарбайқызына, Жамбыл облысының Тұрар Рысқұлов ауданындағы "Шәушен" ШҚ басшысы Дөненбаев Сайрамбай Әліқұлұлына, сондай-ақ Шымкент қаласындағы "А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы" КММ мұғалімі Соловьева Алина Робертовнаға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын", - делінген Елбасы қол қойған Жарлықта.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар