Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті қабылдады

16 шілде, 2018, 18:32 732 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті қабылдады

Мемлекет басшысы белгілі ақын, қаламгер, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовті қабылдады.

Кездесу барысында қазіргі қазақ әдебиетінің өзекті мәселелері мен қоғамды рухани жаңғыртудағы рөлі талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, сөз зергері алдағы шығармашылық жоспарын ортаға салды.

Нұрсұлтан Назарбаев Олжас Сүлейменовке немересі Ескендірдің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар