Нұрсұлтан Назарбаев: Мұғалімдердің жалақысын 30% көбейтуді тапсырамын - Жаңалықтар | BNews

Нұрсұлтан Назарбаев: Мұғалімдердің жалақысын 30% көбейтуді тапсырамын

10 қаңтар, 14:48 1274 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев: Мұғалімдердің жалақысын 30% көбейтуді тапсырамын

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында жаңартылған мазмұнға көшкен ұстаздардың жалақысын 30%-ға көйбейтуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Елбасы жаңа жылдың алғашқы күнінен бастап ұстаздардың жалақысын арттыруға тапсырма берді.

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30%-ға көбейтуді тапсырамын», - делінген Жолдауда.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.

«Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30%-дан 50%-ға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет», - делінген Елбасының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар