Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

19 қараша, 2018, 12:46 1693 Астана
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды. 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ, күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер жөнінде пікір алмасты.

"Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиёев келесі жылы Ташкентте Орталық Азия елдері басшыларының кезекті жұмыс (консультативтік) кездесуін өткізу жөніндегі уағдаластықты нақтылады. Тараптар осы іс-шараға дайындық мәселелерін аймақ елдері сыртқы саяси ведомстволарының деңгейінде келісудің маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.

Телефон арқылы сөйлесуге өзбек жағы бастамашы болды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар