Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

2 Января, 2019, 18:15 1769
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады |  | BNews.kz

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген жеделхатта.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13992

Похожие новости