Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан Президенттерімен кездесті

Написать нам
20 қазан, 2018, 16:20 1092 Түркістан облысы
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Өзбекстан Президенттерімен кездесті

Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бейресми кездесу барысында елдер арасындағы, соның ішінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар, басқосуда Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының ТМД және басқа да халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі негізгі аспектілер жөнінде пікір алмасты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар